2022 жылдың 23 қыркүйегінде Қарағанды облысы білім басқармасының Осакаров ауданы білім бөлімінің «№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ «Түнгі қаладағы балалар» аудандық жедел-профилактикалық іс-шарасына қатысты. Рейд балалардың құқықтарын бұзу, тұрмысы нашар отбасылар, балалар еңбегін қанау фактілерін анықтау, балалардың қараусыздығы мен панасыз қалуының алдын алуға бағытталған. Рейд барысында 4 тұрмысы төмен отбасы, теміржол вокзалы, 4 ойын-сауық мекемесі және 1 көлік жуу орны болды. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс анықталған жоқ.
Түнгі қаладағы балалар