back-image
"Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«Білім арнасы» телеарнасының түсірілім тобы келіп, мектеп өмірімен танысты.
04-06-2026 10:17
«Білім арнасы» телеарнасының түсірілім тобы келіп, мектеп өмірімен танысты.
Бүгін мектебіміз үшін ерекше күн болды. Қонаққа «Білім арнасы» телеарнасының түсірілім тобы келіп, мектеп өмірімен танысты. Оқушыларымыздың орындауындағы әсем флейта әуендері мен мерекелік іс-шаралар түсіріліп, мектеп мұражайы таныстырылды. Тележурналистер ұстаздар мен оқушылардан сұхбат алып, білім мен тәрбиеге толы жарқын сәттерді таспаға түсірді.
Мектебімізге еліміздің білім, мәдениет және руханият саласына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға – Оспан қажы Сүлейменұлы арнайы келді.
60 жылға жуық ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ағартушы-ұстаз, қоғам қайраткері, күйші, ақын, сазгер, журналист Оспан қажы Сүлейменұлы көптеген мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың иегері. Ол әлемнің 50-ден астам елінде қазақтың қасиетті күй өнерін насихаттап, ұлттық мәдениетіміздің абыройын асқақтатқан дара тұлға.
Кездесу барысында оқушыларымыз өнегелі өмір жолы мен еңбек тәжірибесі туралы тағылымды әңгімелер тыңдап, рухани әсерге бөленді.
Осындай мәртебелі қонақтармен жүздесу – жас ұрпаққа үлкен тәрбие мен шабыт сыйлайтын маңызды оқиға.
#Қарағандыоблысы 
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі 
 @oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy
@umckrg
Новости