Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады
Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады
Бүгін мектебімізде жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Лагерьдің ашылу рәсімі көтеріңкі көңіл-күйде ұйымдастырылып, оқушылар қызықты ойындар мен көңілді бағдарламаларға қатысты.
Жазғы лагерьдің негізгі мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, денсаулықтарын нығайту және бос уақыттарын пайдалы өткізу.
Алдағы күндері лагерь тәрбиеленушілерін түрлі спорттық жарыстар, танымдық іс-шаралар, шығармашылық байқаулар мен қызықты кездесулер күтеді.
Барлық оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын әсерлер мен ұмытылмас жазғы демалыс тілейміз!
#Қарағандыоблысы
#нұраауданыбілімбөлімі
#ССейфуллинмектебі
#1маусымБалаларқорғаукүні
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_garagandy