“Жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет” атты кездесу өткізілді.
Ата-аналар мен оқушыларға арналған “Бала қауіпсіздігі” тақырыбында АПҚО (Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы) жұмысы аясында “Жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім мен жеке шекараға құрмет” атты кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналар мен оқушылардың зорлық-зомбылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігін сақтау және сенімге негізделген қарым-қатынас орнату туралы түсініктерін кеңейту.
Кездесу барысында қатысушыларға баламен ашық сөйлесудің, оның жеке кеңістігі мен сезімін құрметтеудің маңызы түсіндірілді.
Сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары мен көмек сұрау тетіктері туралы ақпарат берілді.
Бұл шара ата-ана мен бала арасындағы сенімді нығайтып, зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастыруға бағытталды