Тамыз кеңесі өтті

2025 жылдың 18 тамыз күні Нұра кентінде тамыз кеңесі өтті. Биылғы педагогтердің тамыз кеңесі тақырыбы "БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН" деп бекітілді. 18 тамызда аудан орталығындағы мәдениет үйінде өткен пленарлық жиыннан соң, 25 тақырыптық алаңда секциялар өткізілді. Тамыз кеңесінде өткен секцияларға мектебіміздің ұстаздары мен мектеп әкімшілігі қатысты.