11 қазан күні Астана қаласында Ұлттық музейде халқымыздың көрнекті ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай “Сәкен жүрген жолменен” атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Астана қаласының мектеп оқушылары мен Сәкентанушы ғалымдар, Сәкеннің нағашы қарындасы Асылгүл Әбіш қатысты. С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектептен арнайы шақыртумен мектеп директоры Балабиев А. Е және мектеп мұражай меңгерушісі Каржасова Салтанат Мухаметшариповна қатысты. С. Сейфуллин атындағы ЖББМ- тің директоры Балабиев Атымтай Ескенұлы “Сәкен ашқан мектеп тарихы” атты баяндама оқыды.1 еуразия каналынан Ұлттық музейде өткен іс- шарадан үзінді
130 жыл толуына орай “Сәкен жүрген жолменен” атты дөңгелек үстел