Математикалық сауаттылық апталығы "Қазақтың байырғы есептері"
Мектебімізде білім алушылардың креативті және сыни ойлауын дамытуға ықпал ету мақсатында қаңтар айының 26 күні "Математикалық сауаттылық" аптасымен тұспа тұс келген, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, "9 ай-9іс-шара" тұжырымдамасы негізінде "Қазақ есебі" челленджі ұйымдастырылды. Челлендж барысында 5-10 сынып оқушыларына ҚР академігі ,әйгілі математик Асқар Серікұлы Жұмаділдаев туралы қысқаша ақпарат беріліп, академик ұсынған "Қазақтың байырғы есептері" шығарылып, талданды.