Есірткісіз болашақ
Нашақорлық пен мінез-құлық ауруларының алдын алу мақсатында "Есірткісіз болашақ"тақырыбында мектебіміздің психологі Ишанқұлова Лаура Арысбекқызы мен тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Серикова Бибігүл Қайырбекқызы оқушылармен алдын алу, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Басты мақсат:1.Нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан - жақты меңгерту.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Нашақорлықтың алдын алу.
3. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.