«Отбасын саналы түрде құру» Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Отбасын саналы түрде құру» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру,
«Отбасын саналы түрде құру»
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Отбасын саналы түрде құру» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру, болашақ отбасылық өмірге жауапкершілікпен қарауға бағыттау және саналы шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Түсіндіру барысында өзара құрмет пен сенім, жауапкершілік, құқықтық сауаттылық, некеге ерікті келісім, қаржылық сауаттылық, отбасындағы міндеттерді дұрыс бөлу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушыларға отбасы құру – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды қадам екені түсіндіріліп, өзара сыйластыққа, бір-бірінің құқықтары мен пікірін құрметтеуге негізделген берік отбасының маңызы айтылды.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасып, отбасылық құндылықтар мен жауапкершілік туралы пайдалы ақпарат алды.