1 қыркүйек – Білім күні 1 қыркүйек – Білім күніне орай 5–11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының ма
1 қыркүйек – Білім күні
1 қыркүйек – Білім күніне орай 5–11 сынып оқушылары арасында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты – оқушыларға Конституцияның маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның негізгі қағидаларымен танысып, өз құқықтары мен міндеттері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, адал азамат болу, сапалы білім алу және қоғам алдындағы жауапкершілік жөнінде ой бөлісті.
Жаңа оқу жылы оқушыларға сәттілік, жаңа білім мен биік жетістіктер әкелсін!