back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
«Достық» жазғы лагерінің 12-күні – «Достық күні» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Достық» жазғы лагерінің 12-күні «Достық күні» тақырыбында өтті. Күннің мақсаты – балалар арасында достықты, сыйластықты және бір-біріне деген құрмет
15-07-2026 18:01
«Достық» жазғы лагерінің 12-күні – «Достық күні» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Достық» жазғы лагерінің 12-күні «Достық күні» тақырыбында өтті. Күннің мақсаты – балалар арасында достықты, сыйластықты және бір-біріне деген құрмет
«Достық» жазғы лагерінің 12-күні – «Достық күні»
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Достық» жазғы лагерінің 12-күні «Достық күні» тақырыбында өтті. Күннің мақсаты – балалар арасында достықты, сыйластықты және бір-біріне деген құрметті нығайту.
«Достық әлемінде» атты іс-шара барысында оқушылар достық туралы өлеңдер оқып, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, ұйымшылдық пен татулықтың маңызын көрсетті.
«Қызықты ойындар» бағдарламасында түрлі танымдық және қимыл-қозғалыс ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар ұлттық ойындар ойналып, оқушылар халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеді.
Күннің ең әсерлі сәттерінің бірі – балалардың бассейнге шомылып, жаздың шуақты күнінде сергіп, көтеріңкі көңіл күймен уақыт өткізуі болды.
«Достық күні» балаларға ұмытылмас әсер сыйлап, олардың бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтып, жазғы демалыстарын көңілді әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік берді.
Новости