back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Достық» жазғы лагерінің 8-күні – Құқық күні Лагерьдің сегізінші күні «Құқық күні» тақырыбымен ұйымдастырылды. Күн аясында балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Мен, менің құқықтарым мен міндеттерім
10-07-2026 17:57
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Достық» жазғы лагерінің 8-күні – Құқық күні Лагерьдің сегізінші күні «Құқық күні» тақырыбымен ұйымдастырылды. Күн аясында балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Мен, менің құқықтарым мен міндеттерім
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ жанындағы «Достық» жазғы лагерінің 8-күні – Құқық күні
Лагерьдің сегізінші күні «Құқық күні» тақырыбымен ұйымдастырылды. Күн аясында балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Мен, менің құқықтарым мен міндеттерім» атты танымдық ойын өткізілді. Қатысушылар құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырып, түрлі жағдаяттарды талқылау арқылы өз ойларын ортаға салды.
«Халық күнтізбесі: жазғы мерекелер» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, оқушылар халқымыздың жаз мезгіліндегі ұлттық дәстүрлері мен мерекелері жайлы қызықты мәліметтермен танысты.
«Қазақстаным байтағым» тақырыбындағы танымдық бөлімде балалар туған елдің табиғаты, тарихи орындары мен ұлттық құндылықтары туралы білімдерін кеңейтті.
Күннің соңында лагерь қатысушылары пионербол ойнап, белсенді демалып, ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін шыңдады. Іс-шаралар балалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, патриоттық сезімін нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.
Новости