«Достық» жазғы лагерінің 5-күні – «Астана күні» Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Достық» жазғы лагерінде бесінші күн «Астана күніне» арналды. Күннің басты мақсаты – оқушылардың еліміздің бас қаласы туралы білімдерін кеңейтіп, елге
«Достық» жазғы лагерінің 5-күні – «Астана күні»
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің «Достық» жазғы лагерінде бесінші күн «Астана күніне» арналды. Күннің басты мақсаты – оқушылардың еліміздің бас қаласы туралы білімдерін кеңейтіп, елге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдерін нығайту.
Күн аясында «Астана – менің астанам, туған күніңмен!» тақырыбында қызықты викториналар мен танымдық байқаулар ұйымдастырылды. Балалар елордамыздың тарихы, көрікті орындары мен мәдениеті туралы сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Сонымен қатар «Эмоциялар әлемі» атты психологиялық іс-шара өткізіліп, қатысушылар түрлі ойындар мен тренингтер арқылы өз сезімдерін еркін жеткізуді, бір-бірін тыңдауды және жағымды қарым-қатынас орнатуды үйренді.
Күннің соңында оқушылар қазақтың ұлттық ойындарын ойнап, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұйымшылдық пен ептіліктерін шыңдады. Бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, елордамызға деген мақтаныш сезімін арттырды