Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Достық» жазғы лагерінің 3-күні Жазғы лагерьдің үшінші күні «Менің есімім күні» тақырыбымен өтті. Күннің басты мақсаты – балалардың өзін-өзі тануына, бір-бірін құрметтеуге және достық қарым-қатынас
Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің «Достық» жазғы лагерінің 3-күні
Жазғы лагерьдің үшінші күні «Менің есімім күні» тақырыбымен өтті. Күннің басты мақсаты – балалардың өзін-өзі тануына, бір-бірін құрметтеуге және достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ету.
Бағдарлама аясында «Өзгелер мені қалай көреді?» атты қызықты байқау ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің жақсы қасиеттерін таныстырып, достарының пікірлері арқылы өздерін жаңа қырынан тануға мүмкіндік алды.
Одан кейін «Достық көпірі» іс-шарасы өткізіліп, балалар ұйымшылдыққа, өзара көмек көрсетуге және сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған түрлі ойындар мен тапсырмаларға белсенді қатысты.
Күн соңында көңілді эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер жылдамдық, ептілік және командалық бірліктерін көрсетті. Барлық қатысушылар көтеріңкі көңіл күймен уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізді.
Лагерьдің үшінші күні балаларға жарқын әсер сыйлап, достықтың, сыйластықтың және бірліктің маңызын тағы бір мәрте ұғындырды.