4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ «Айгөлек» шағын орталығында тақырыптық мерекелік іс-шара өтті. Балалардың бойында отансүйгіштік сезімді ұялатып, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ «Айгөлек» шағын орталығында тақырыптық мерекелік іс-шара өтті.
Балалардың бойында отансүйгіштік сезімді ұялатып, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметті қалыптастыру мақсатында өткен шара барысында тәрбиеленушілер еліміздің Әнұранын асқақтата шырқап, тақырыптық ойындар арқылы көк туымыз бен елтаңбамыздың мән-мағынасымен танысты.
Шара соңында кішкентай бүлдіршіндер өз қолдарымен Көк тудың суретін салып, Отанға деген ыстық ықыластарын білдірді.