Бүгін М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебі 3-4 сынып оқушылары арасында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған тақырыптық сынып сағаты өткізілді. ???????? Мақсаты: оқушыларға Отанды қорғаудың маңызын түсіндіру, елін, жерін сүюге, патриоттық рухқа тәрбиелеу
Бүгін М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебі 3-4 сынып оқушылары арасында 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніне арналған тақырыптық сынып сағаты өткізілді. 
Мақсаты: оқушыларға Отанды қорғаудың маңызын түсіндіру, елін, жерін сүюге, патриоттық рухқа тәрбиелеу және әскери мамандықтарға құрмет қалыптастыру. Сонымен қатар, Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылу тарихы мен ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы туралы айтылды.
Сынып сағаты барысында оқушылар патриоттық тақырыптағы бейнероликтер көріп, өз ойларымен бөлісті. Батырлар ерлігі туралы әңгімелер айтылып, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік жайлы пікірталас ұйымдастырылды.