back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталы мен «Солнышко» шағын орталығында денешынықтыру және сауықтыру сауатылық апталығының екінші күні Мына тақырыптар алынып тәрбиешілер өз жұмыстарын тиянақты атқарды. «Таза дала ауасы» Таза ауа – ден
07-05-2026 20:30
М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталы мен «Солнышко» шағын орталығында денешынықтыру және сауықтыру сауатылық апталығының екінші күні Мына тақырыптар алынып тәрбиешілер өз жұмыстарын тиянақты атқарды.  «Таза дала ауасы» Таза ауа – ден
М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталы мен «Солнышко» шағын орталығында денешынықтыру және сауықтыру сауатылық апталығының екінші күні
Мына тақырыптар алынып тәрбиешілер өз жұмыстарын тиянақты атқарды.
«Таза дала ауасы»
Таза ауа – денсаулықтың кепілі. Табиғат аясында серуендеу адамның көңіл-күйін көтеріп, ағзаға күш-қуат береді. Балалардың таза ауада ойнауы олардың денсаулығын нығайтып, сергек болып өсуіне көмектеседі.
«Мықты және дені сау адамдар кімдер?» тақырыбында мектебіміздік медбикесі Г. Н. Мамбетова балаларға түсіндірме жұмыстар жүргізіп әр түрлі кеңестер берді.
Мықты әрі дені сау адамдар – дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданатын, таза ауада серуендейтін адамдар. Олар белсенді, сергек және еңбекқор болады. Денсаулықты сақтау – әр адамның өз қолында.
«Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы»
Ұлттық ойындар – халқымыздың асыл мұрасы. Асық ату, арқан тарту, бәйге, көкпар секілді ойындар балаларды ептілікке, батылдыққа және ұйымшылдыққа баулиды. Ұлттық ойындар арқылы балалар салт-дәстүрді құрметтеуді үйренеді.
«Дені сау, мықты баланы қалай тәрбиелеу керек?» тақырыбында медбике Г. Н. Мамбетова ата-аналарға кеңес берді.
Дені сау, мықты бала тәрбиелеу – әр ата-ананың басты міндеті. Баланың денсаулығын нығайту үшін дұрыс тамақтану, күн тәртібін сақтау, таза ауада серуендеу және спортпен айналысу өте маңызды. Сонымен қатар балаға мейірім мен қамқорлық көрсетіп, жақсы әдеттерді үйрету қажет. Белсенді қимыл-қозғалыс пен көтеріңкі көңіл-күй баланың шымыр, сергек әрі бақытты болып өсуіне көмектеседі.
Новости