back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Миржакыпа Дулатулы"
М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында бірінші күні «Серуендеу кезіндегі ашық ауадағы ойындар» тақырыбы алынды. Таза ауада серуендеу – балалар денсаулығын нығайтудың ең тиімді жолдарының бірі. Серуен кезінде ұйымдастырылған қим
07-05-2026 20:28
М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында бірінші күні  «Серуендеу кезіндегі ашық ауадағы ойындар»  тақырыбы алынды.  Таза ауада серуендеу – балалар денсаулығын нығайтудың ең тиімді жолдарының бірі. Серуен кезінде ұйымдастырылған қим
М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында бірінші күні «Серуендеу кезіндегі ашық ауадағы ойындар» тақырыбы алынды.
Таза ауада серуендеу – балалар денсаулығын нығайтудың ең тиімді жолдарының бірі. Серуен кезінде ұйымдастырылған қимылды ойындар балалардың ептілігін, шапшаңдығын дамытып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Ашық ауадағы әрбір ойын – баланың денсаулығы мен белсенді өмірге деген қызығушылығын арттыратын пайдалы әрекет.
«Дені сау ата-ана – дені сау бала!» тақырыбында мектебіміздің медбикесі Г. Н. Мамбетова ата-аналарға арналған кеңес берді.
Бала тәрбиесі отбасынан басталады. Ата-ананың салауатты өмір салтын ұстануы – балаға берілетін ең жақсы үлгі. Күнделікті серуендеу, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу және уақытылы демалу – отбасы денсаулығының кепілі. Баламен бірге белсенді демалыс ұйымдастырып, денсаулықты бірге нығайтайық.
«Дене шынықтыру – біздің досымыз» тақырыбында таза ауады және спорт залда түрлі қимыл ойындар ұйымдастырылды.
Дене шынықтыру – денсаулықтың басты кепілі. Күнделікті жаттығу жасау баланың денесін шынықтырып, сергектік пен күш-қуат береді. Спортпен айналысқан бала шымыр, белсенді әрі көңілді болып өседі. Сондықтан дене шынықтыруды күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырайық!
Новости