М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында ерекше шығармашылық іс-әрекет өтті. Балалар «Табиғаттың музыкалық зертханасы» тақырыбында табиғи заттарды пайдалана отырып, дыбыстар әлемімен танысты. Жапырақтың сыбдыры, су тамшысының сылдыр
М. Дулатұлы атандағы ЖББМ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында ерекше шығармашылық іс-әрекет өтті. Балалар «Табиғаттың музыкалық зертханасы» тақырыбында табиғи заттарды пайдалана отырып, дыбыстар әлемімен танысты. Жапырақтың сыбдыры, су тамшысының сылдыры, тастардың тықылы – барлығы да кішкентай зерттеушілер үшін нағыз музыкаға айналды. Балалар табиғат дыбыстарын тыңдап қана қоймай, өздері де түрлі «аспаптар» жасап, әуен шығаруға тырысты.
Бұл іс-әрекет балалардың есту қабілетін дамытып, шығармашылық ойлауын арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятты.
«Отбасылық эко-арт»
Балабақшамызда «Отбасылық эко-арт» атты ерекше шығармашылық шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға ата-аналар мен балалар белсене қатысып, табиғи және қайта өңделетін материалдардан әсем бұйымдар жасады.
Қарапайым заттарға жаңа өмір сыйлап, қиял мен шығармашылықты ұштастырған қатысушылар түрлі қолөнер туындыларын ұсынды. Әр жұмыс – отбасы бірлігінің, жылулық пен махаббаттың көрінісі болды.
Осындай шаралар арқылы біз балаларды табиғатты аялауға, қоршаған ортаға жанашыр болуға тәрбиелейміз.
