✨ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН!✨ ????2026 жылдың 8 сәуір күні «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: Жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып саға

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН!


2026 жылдың 8 сәуір күні «АДАЛ АЗАМАТ» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: Жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында:
– жаңа Конституцияның негізгі баптары кеңінен түсіндірілді;
– білім, ғылым және инновацияны дамыту арқылы адам капиталын қалыптастыру мәселелері талқыланды;
– экологиялық мәдениетті арттыру бағытында оқушылармен пікір алмасу жүргізілді.

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, елдегі тұрақтылық пен тәртіптің тірегі. Заңды құрметтеу – Отанды құрметтеу.