Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің психологы Макенова Д.С аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жоспарына сәйкес 8–11 сынып оқушылары арасында «Өз өміріңді бағала» тақырыбында психологиялық сабақ-тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың өмірге дег
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінің психологы Макенова Д.С аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жоспарына сәйкес 8–11 сынып оқушылары арасында «Өз өміріңді бағала» тақырыбында психологиялық сабақ-тренинг өткізді.
Мақсаты: оқушылардың өмірге деген құндылық көзқарасын қалыптастыру, өмірдің маңыздылығын түсіндіру, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, өз-өзіне деген сенімділікті арттыру, эмоционалдық күйзелістердің алдын алу, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу.
Тренинг барысында оқушылармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, түрлі психологиялық жаттығулар мен топтық тапсырмалар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, өмірдің құндылығы, болашаққа деген сенім, мақсат қою және қиындықтарды жеңу жолдары туралы талқылады.
Сабақ соңында оқушыларға өмірді бағалау, өз денсаулығы мен психологиялық жағдайына жауапкершілікпен қарау қажеттілігі түсіндіріліп, жағымды көңіл күй қалыптастыруға бағытталған қорытынды жасалды.
