back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында «Ішкі күш» тренингтік бағдарламасы негізінде ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Тәжірибені ұғыну және ішкі күш» және «Жасөспірім
31-03-2026 11:45
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында «Ішкі күш» тренингтік бағдарламасы негізінде ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Тәжірибені ұғыну және ішкі күш» және «Жасөспірім
Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ-де Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында «Ішкі күш» тренингтік бағдарламасы негізінде ата-аналарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Тәжірибені ұғыну және ішкі күш» және «Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі – сенім және жеке шекараға құрмет» тақырыптары кеңінен талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Кездесу барысында ата-аналарға жасөспірімдердің ішкі жан дүниесін түсіну, олардың эмоциялық жағдайына назар аудару, қиын жағдайларда қолдау көрсету жолдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдерді зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен қорғау үшін сенімге негізделген қарым-қатынас орнатудың, баланың жеке шекарасын құрметтеудің маңыздылығы айтылды. Тренинг барысында ата-аналар пікір алмасып, түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жиналыс ата-аналар үшін пайдалы ақпарат пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, бала тәрбиесінде өзара түсіністік пен қолдаудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
Новости