М.Дулатұлы ЖББ мектебінде "Айналамызға қамқорлық жасаймыз" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар табиғатты қорғау, жан-жануарларға жанашырлық таныту, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау секілді маңызды құндылықтар жайында
М.Дулатұлы ЖББ мектебінде "Айналамызға қамқорлық жасаймыз" тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар табиғатты қорғау, жан-жануарларға жанашырлық таныту, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау секілді маңызды құндылықтар жайында ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар, "Табыстың күмәнді түрлері. Қалай алаяқтардың тұзағына түспеуге болады?" тақырыбында қауіпсіздік сабағы өтті. Сабақ барысында оқушыларға интернет алаяқтықтың түрлері, қаржылық қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау жолдары жайлы ақпарат беріліп, практикалық кеңестер ұсынылды.
Мұндай тәрбиелік бағыттағы шаралар оқушылардың адамгершілік құндылықтарын қалыптастырып, қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.

