«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, 12 қараша күні 5-6 сынып оқушыларымен «Банк деген не? Депозит және оның пайдасы» тақырыбында сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға банк туралы түсінік беру, депозиттің мәні мен оның
«Қаржы әлемі» қаржылық сауаттылық апталығының жоспарына сәйкес, 12 қараша күні 5-6 сынып оқушыларымен «Банк деген не? Депозит және оның пайдасы» тақырыбында сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға банк туралы түсінік беру, депозиттің мәні мен оның пайдасын түсіндіру, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, ақшаны дұрыс жинақтау мен тиімді басқаруға үйрету.
Сабақ барысында оқушылар банктің негізгі қызметтерімен танысты. Атап айтқанда, банктің ақша сақтайтын қауіпсіз орын екені, төлем жасауға, ақша аударуға, несие алуға және депозит ашуға мүмкіндік беретін қаржы ұйымы екені түсіндірілді. Содан кейін «Депозит деген не?» тақырыбы талқыланып, оқушыларға депозиттің – банкке белгілі бір уақытқа ақша салу екенін, ол ақшаға банк пайыз қосып отыратынын, осылайша қаражаттың қауіпсіз сақталып қана қоймай, көбейетінін білдіретіні түсіндірілді.
