back-image
"Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
2025 жылдың 23 сәуірінде Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ "Терроризмге қарсы қауіпсіздік", "Жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету", "Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді. Аға жедел уәкіл пол
24-04-2025 15:08
2025 жылдың 23 сәуірінде Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ
2025 жылдың 23 сәуірінде Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ "Терроризмге қарсы қауіпсіздік", "Жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету", "Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл"тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді.
Аға жедел уәкіл полиция майоры Е. С. Смайылов пен полиция лейтенанты кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор М.Р. Тілеухан әңгіме өткізді. Кездесу барысында оқушылар террористік шабуыл қаупі кезіндегі мінез-құлықтың негізгі ережелерімен, күдікті заттар мен қоңыраулар анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмімен, сондай-ақ жеке және қоғамдық қауіпсіздік шараларымен танысты. Құқық қорғау органдарымен және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл тәртібіне, сондай-ақ терроризм актісі туралы жалған хабарлар үшін жауапкершілікке ерекше назар аударылды.
442-бап ҚР бойынша есірткі және олардың таралуы туралы білу маңызды. Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз болуы жазаланады.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша түсініктеме ала алды.
Новости