«Жасөспірім мен ересек арасындағы қарым-қатынас»

«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы аясында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Хайв Асима 5-6-7 - сынып оқушыларымен «Жасөспірім мен ересек арасындағы қарым-қатынас» атты сынып сағатын өткізді. Мақсаты: жасөспірімдер мен ересектер арасындағы дұрыс және сыйластыққа негізделген қарым-қатынасты қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, және қарым-қатынаста кездесетін қиындықтарды шешу жолдарын үйрету.