№3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
№3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Бүгін мектебімізде жоспарға сәйкес «Қазіргі қоғамда әлеуметтік бейімделу және табысқа жету»тақырыбында №3 педагогикалық кеңесі өткізілді.
Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Арман Жанатұлы ашып, күн тәртібімен таныстырды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Педагогикалық кеңестің шешімдері мен ұсыныстарын орындау;
2. 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдық оқушылар қозғалысы мен білім сапасы;
I жарты жылдық тәрбие жұмысының қорытындысы;
3.Кәсіптік бағдар берушінің жұмысына талдау;
4. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың I кезеңінің қорытындысы, ғылыми жарыстардың қорытындысы туралы;
5.Мектеп кәсіподақ төрағасының жұмысының есебі.
6.Әр түрлі мәселелер.
Мектеп директоры Арман Жанатұлы атқарылған жұмыстарға баға беріп, жаңа тоқсанға сәттілік тіледі.