«ҚОШ КЕЛДІҢ ЖАҢА ЖЫЛ»



Мерекелік шарада Аяз ата мен Ақшақарды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алған бүлдіршіндер ән-жырдан шашу шашып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Шаттыққа толы шарада жасыл шырша жанына жиналған ертегі кейіпкерлері ғажайыпқа толы қойылымдар көрсетіп, балауса балғындарды тамаша мерекелік күйге бөледі. Осындай керемет жаңа жылдық мерекелік іс-шара ұйымдастырған «Пржевальское» ЖШС директоры Таттыбаев Алибек Эксановичке алғыс білдіреміз! Жұмысыңызға табыс тілейміз! Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын!