Нұра ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Нұра ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Исаев Бекболат Ахатұлы Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ 9,10,11 сынып оқушыларымен кездесті.

Нұра ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Нұра ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Исаев Бекболат Ахатұлы Міржақып Дулатұлы атындағы ЖББМ 9,10,11 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесу барсында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясына қабылдау және қабылдау ережелері мен шарттары түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясының қабылдау ережелері туралы,
негізгі талаптар туралы, абитуренттерге қойылатын талаптар, казармадағы өмір және артықшылықтар туралы оқушыларға жеткізілді. Оқушылар келешекке қызығушылық таныттып, төтенше жағдайлар бөлімнің қызметкерлерімен қызу әңгімелесті. Оқушыларға қабылдау ережелері туралы ақпарат жазылған парақшалар таратылды. Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына курсанттарды даярлау республикалық қаражат есебінен жүзеге асырылатынын бюджет. Курсанттарға тегін киім-кешек, тамақ және мемлекеттік стипендия беріледі. Тұлғалар Академияда күндізгі оқу нысанының толық курсын бітіргендер, оқу уақыты міндетті әскери қызметті өтеумен тең. Аяқтағаннан кейін бітірушілерге
лейтенант офицерлік шені жәнеҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде қызмет өткеруге келісім-шарт жасалатыны туралы айтып өтті. Оқушылар өрт қауіпсіздігі бойынша, жаңа жылдық мерекелік шаралар кезінде пиротехникалық бұйымдарды дұрыс пайдалану, және мұз айдынында қауіпсіздікті сақтау туралы нұсқаулықтар жүргізілді.