2-3 сынып оқушыларының ата-аналарына “Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?” тақырыбында жиналыс өтті
М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде 2-3 сынып оқушыларының ата-аналарына “Баланың тапқырлығы мен эрудициясын қалай дамытуға болады?” тақырыбында жиналыс өтті.
Мақсаты: ата-аналардың үйде балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға арналған интеллектуалдық ойындар мен жаттығуларды қолдану дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында ата-аналармен сауалнама жүргізіліп, балалардың тапқырлығы мен эрудициясын дамытуға арналған интеллектуалдық ойындар мен жаттығулардың түрлері таныстырылды.