Ата-аналарды педагогикалық қолдау мақсатында М.Дулатұлы атындағы ЖББ мектебінде "Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Мақсаты: ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетін қалыптастыру, тәуелділік мінез-құлық қаупінің алдын алу жолдарын дамыту. Жиналыста ата-аналарға химиялық және химиялық емес тәуелділік түрлері, оқушылардағы тәуелділік белгілері, тәуелділікпен күресу жолдары, оқушылардың "қауіпті аймаққа" түсу себептері, тәуелді мінез-құлықтың алдын алу шаралары тақырыптары қозғалып, бейнеролик көрсетілді.
"Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы" тақырыбында ата-аналар жиналысы