Бүгін оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының «Жас көшбасшы – жарқын болашақ!» атты республикалық форумының аудандық кезеңі өтті.
Форум дәстүрлі конференция форматында емес, оқушылардың белсенді әрекетіне, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға, пікір алмасуға және нақты жобалар әзірлеуге бағытталған форум-фестиваль форматында ұйымдастырылды.
Форум барысында мектебіміздің жас көшбасшылары өздерінің білімдерін, бастамашылдығын, шығармашылық қабілеттерін және командалық жұмыс дағдыларын көрсете білді.
Қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы III орынға ие болды!
Жас көшбасшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Белсенділіктері мен еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беріңіздер!
Жас көшбасшылар – жарқын болашақтың бастауы!
#ЖасКөшбасшыЖарқынБолашақ #МектепПарламенті #өзінөзібасқаруұйымы #нұраауданыбілімбөлімі #umckrg