back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҚТЫ САҚТА!»
09-11-2026 12:14
«СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҚТЫ САҚТА!»
 
2026 жылғы 9 қараша күні мектебімізде «Суды үнемде – болашақты сақта!» бірыңғай республикалық экологиялық сағаты аясында «Су ізі – әрқайсымыздың жауапты таңдауымыз» тақырыбында экологиялық сабақ өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға судың тіршілік көзі ретіндегі маңызын түсіндіру, су ресурстарын тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру және табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар судың адам өміріндегі және қоршаған ортадағы маңызы туралы ой бөлісіп, күнделікті өмірде суды үнемдеудің тиімді жолдарын талқылады. Сонымен қатар су тапшылығы мәселесі, табиғи ресурстарды қорғау және әр адамның экологиялық жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттармен танысты.
Осындай танымдық сабақтар арқылы оқушылардың экологиялық сауаттылығы артып, табиғатқа жанашырлықпен қараудың маңызын түсінді.
 
???? Суды үнемдеу – әр адамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс.
 
???? Өйткені әрбір тамшының қадірін білу – болашаққа қамқорлық жасаудың бастауы!
#СудыҮнемдеБолашақтыСақта #ЭкологиялықСағат #СуІзі #ЭкологиялықТәрбие #ТабиғаттыҚорғайық
Новости