КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТАҒЫ САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің «Жас сарбаз» сыныбы күзгі демалыс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуде!
Қазіргі уақытта жас патриоттарымыз алдағы ең жауапты сәт — салтанатты ант қабылдау рәсіміне қызу дайындалып жатыр. Демалыс күндеріне қарамастан, оқушылар мектепке жиналып, әскери-патриоттық дайындықтан өтуде.
«Жас сарбаз» жетекшісі Б.К. Ахантаевтың басшылығымен сарбаздар келесі бағыттар бойынша шындалуда:
Саптық жүріс және пәрмендерді нақты орындау
Салтанатты ант мәтінін жаттау және оның маңызын ұғыну
Әскери киім үлгісін талапқа сай кию ережелері
Бұл дайындық оқушылардың бойындағы жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді арттырып, нағыз темірдей тәртіпті қалыптастыруда. Жас сарбаздарымызға сәттілік тілейміз! Өркендерің өссін, жас патриоттар!
#нұраауданыбілімбөлімі
#umckrg
#nura_akimdigi
#egindiakimdigi
#адал_азамат

