back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«ЖАС САРБАЗ» — АНТ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫНДЫҚ!
30-10-2026 12:06
«ЖАС САРБАЗ» — АНТ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫНДЫҚ!

КҮЗГІ ДЕМАЛЫСТАҒЫ САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ
​А. Асылбеков атындағы ЖББ мектебінің «Жас сарбаз» сыныбы күзгі демалыс уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуде!
​Қазіргі уақытта жас патриоттарымыз алдағы ең жауапты сәт — салтанатты ант қабылдау рәсіміне қызу дайындалып жатыр. Демалыс күндеріне қарамастан, оқушылар мектепке жиналып, әскери-патриоттық дайындықтан өтуде.
​«Жас сарбаз» жетекшісі Б.К. Ахантаевтың басшылығымен сарбаздар келесі бағыттар бойынша шындалуда:
​Саптық жүріс және пәрмендерді нақты орындау
​Салтанатты ант мәтінін жаттау және оның маңызын ұғыну
​Әскери киім үлгісін талапқа сай кию ережелері
​Бұл дайындық оқушылардың бойындағы жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімді арттырып, нағыз темірдей тәртіпті қалыптастыруда. Жас сарбаздарымызға сәттілік тілейміз! Өркендерің өссін, жас патриоттар!
#нұраауданыбілімбөлімі
#umckrg
#nura_akimdigi
#egindiakimdigi
#адал_азамат

Жаңалықтар