back-image
"Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
«ҚАУІПСІЗДІК — ОРТАҚ МІНДЕТ: ШҰҒЫЛ ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДЫҚ»
29-10-2026 11:49
«ҚАУІПСІЗДІК — ОРТАҚ МІНДЕТ: ШҰҒЫЛ ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДЫҚ»

Қауіпсіздік — ортақ міндет
Терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің қатысуымен «Террористік сипаттағы қатерлер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл және шұғыл әрекет ету алгоритмі» тақырыбында оқу-жаттығу сабағы өткізілді.
Іс-шараға мекеме басшылары, қауіпсіздік қызметінің өкілдері және жауапты мамандар қатысты. Сабақтың мақсаты — қатысушылардың терроризм мен экстремизм қаупі туындаған кездегі дайындық деңгейін арттыру, өзара үйлесімді әрекет ету және жедел ақпарат алмасу дағдыларын жетілдіру.
Сабақ барысында қауіп туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі, шешім қабылдау және мемлекеттік органдармен, құқық қорғау қызметтерімен байланыс орнату мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ нысандардың терроризмге қарсы қорғалуына қатысты нормативтік-құқықтық талаптар түсіндірілді.
Мұндай оқу-жаттығулар қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жауапты мамандардың дайындығын нығайтуға көмектеседі.
#нұраауданыбілімбөлімі
#umckrg
#nura_akimdigi
#egindiakimdigi
#мектепқауіпсіздігі
#адал_азамат

Жаңалықтар