Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 2–3-сынып оқушылары арасында «Дос болайық, буллингтен қорған!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға буллинг туралы түсінік беріліп, оның түрлері мен зиянды әсерлері түсіндірілді. Балалар бір-бірін сыйлау, достық қарым-қатынас орнату және қиын жағдайларда көмек сұрау туралы әңгімелесті. Түрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар достық, мейірімділік, қамқорлық және өзара қолдау туралы ой бөлісті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға буллингтің алдын алу жолдарын түсіндіру, өзара сыйластыққа, достыққа және мейірімділікке тәрбиелеу.
Достық бар жерде буллингке орын жоқ!