Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 2–3-сынып оқушылары арасында 20 қараша – «Дүниежүзілік балалар күні» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушыларға Дүниежүзілік балалар күнінің тарихы мен маңызы туралы түсінік берілді. Балалар өз құқықтары мен міндеттері туралы әңгімелеп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар достық, мейірімділік, қамқорлық және бақытты балалық шақ туралы ой бөлісті.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға бала құқықтарын түсіндіру, олардың құқықтары мен міндеттерін таныстыру, өзара сыйластық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Әр бала бақытты балалық шаққа лайық!