Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын ілгерілету аясында оқушыларға Қарағанды облысының прокуратурасы дайындаған адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстардың алдын алуға бағытталған әлеуметтік қысқаметражды фильм көрсетілді.
Тақырыбы: «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғам кепілі»
Мақсаты: Жастар арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылық пен агрессияның алдын алу, адам өмірі мен денсаулығына құрметпен қарауға тәрбиелеу, жанжалдарды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығын түсіндіру.
Қорытынды: Фильм арқылы оқушылар әрбір ойланбай жасалған әрекеттің ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсінді. Заңды құрметтеу, адам өмірін бағалау және кез келген мәселені бейбіт жолмен шешу – әр азаматтың басты міндеті.
Заңды білу – міндет, сақтау – жауапкершілік!