back-image
"Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебі" КММ
Суды үнемде - болашақ үшін сақта
09-11-2026 13:15
Суды үнемде - болашақ үшін сақта
Ж. Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде «Суды үнемде – болашақ үшін сақта!» тақырыбында онлайн эко сағаты өткізілді.
 
???? Мақсаты: Оқушыларға судың тіршілік көзі ретіндегі маңызын түсіндіру, су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеудің маңыздылығын ұғындыру, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру және экологиялық мәдениетін арттыру.
 
???? Іс-шара барысында оқушылар судың адам өміріндегі және табиғаттағы рөлі туралы ой бөлісіп, суды үнемдеу жолдарымен танысты. Күнделікті өмірде суды ысырап етпеудің қарапайым тәсілдері талқыланып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы атап өтілді.
 
Қорытынды:
Су – тіршіліктің нәрі, табиғаттың баға жетпес байлығы. Оны қорғау және үнемдеу – әрбір адамның ортақ міндеті. Бүгінгі үнем – ертеңгі ұрпақтың жарқын болашағы!
 
???? Суды бағалайық, табиғатты аялайық! Әр тамшы су – болашаққа қосқан үлесіміз!
Жаңалықтар