Сынып сағаты
«Ана тілім – ардағым» атты сынып сағаты
Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінде 9 қыркүйек күні 1-сынып оқушыларының қатысуымен «Ана тілім – ардағым» атты сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіру, қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында бүлдіршіндер ана тілі туралы өз ойларын ортаға салып, мақал-мәтелдер айтып, түрлі танымдық тапсырмалар орындады.
???? Ана тілі – ұлттың рухы, халықтың қазынасы!
Тілімізді құрметтеу – әр азаматтың парызы!????????