Сынып сағаты
07.09.2026 ж. Ж.Аймауытұлы атындағы негізгі орта мектебінің 5-сыбында «Отбасым – бақыт мекенім» атты өнегелі сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға отбасының адам өміріндегі орны мен маңыздылығын ұғындыру, үлкенді сыйлауға, бауырмалдылыққа және ұлттық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Балалар үйдегі сүйікті дәстүрлері мен жақындарына деген ыстық ықыластарын бөлісті.