back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Бесінші күн – «Табиғат зерттеушілері күні»
17-04-2026 16:25
Бесінші күн – «Табиғат зерттеушілері күні»

«Табиғат зерттеушілері күні» аясында өте қызықты әрі танымдық іс-шараларға толы болды. Бұл күні балалар табиғатты тереңірек танып, зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған түрлі белсенділіктерге қатысты. Алдымен «Қазына іздеу» атты экологиялық квест ойыны ұйымдастырылып, балалар топпен жұмыс жасап, тапсырмаларды орындау арқылы табиғат туралы білімдерін көрсетті.

Келесі бөлімде экологиялық жағдайларға байланысты «Біздің қайың мен шырша не туралы ойлайды?», «Орман неге өліп жатыр?», «Қызғалдақ пен бәйшешекті қалай сақтау керек?» деген сұрақтар төңірегінде пікір алмасып, табиғатты қорғау туралы ойларын ортаға салды. Бұл балалардың экологиялық санасын қалыптастыруға үлкен әсер етті.

Сонымен қатар «Су, құм, саз, ауа» тақырыбында тәжірибелер жүргізіліп, балалар ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытты. Әртүрлі тәжірибелер арқылы табиғи құбылыстарды түсініп, өз бетімен қорытынды жасауға үйренді.

Новости