back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Мектеп лигасы» аймақтық кезеңі
23-09-2026 15:40
«Мектеп лигасы» аймақтық кезеңі


2026 жылғы 21 қыркүйекте М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен 5–6 сынып оқушылары арасында шағын футболдан «Мектеп лигасының» аймақтық кезеңі өткізілді.

Жарысқа аймақтың 4 мектебінен жалпы 65 оқушы қатысты. Атап айтқанда: М. Жұмабаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және Қарой жалпы білім беретін мектептері. Жарыс Нұра стадионында ұйымдастырылды.

Ұлдар арасында I орынды М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы, II орынды Ы. Алтынсарин тірек мектебі, III орынды Ш. Уәлиханов атындағы мектеп иеленді.

Қыздар арасында I орынды Ы. Алтынсарин тірек мектебі, II орынды Ш. Уәлиханов атындағы мектеп, III орынды М. Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясы алды.

Жарыс оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға және командалық рухты қалыптастыруға бағытталды.

Новости