back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Мейірім мен махаббаттың мерекесі» атты концерттік кеш
06-03-2026 15:57
«Мейірім мен махаббаттың мерекесі» атты концерттік кеш

Мейірім мен махаббаттың мерекесі ????
Бүгін мектебімізде 2 «Ә» сынып оқушылары мен олардың ардақты әкелерінің қатысуымен аналарға арналған ерекше мерекелік іс-шара өтті. «Мейірім мен махаббаттың мерекесі» атты концерттік кеш өте әсерлі әрі жылы атмосферада өтті.
Кеш барысында әкелерімен қыздары әсем ән шырқап, ұлдарымен бірге көңілді би биледі. Балалардың ақ көңіл тілектері мен жүрекжарды сөздері аналардың жүздеріне қуаныш сыйлады.
Шара соңында оқушылар аналарына гүл шоқтарын сыйлап, аналарға деген құрметі мен махаббаттарын білдірді. Бұл кеш барша қатысушылардың жүрегінде жылы әсер қалдырып, мейірім мен сыйластыққа толы керемет сәттерге ұласты.
Аналарымыз аман болсын, шаңырақтарымыз шаттыққа толы болсын! ????

Новости