«Шабыт»
Қасым Аманжолов атындағы мектепте «Шабыт» жобасы аясында «Күзгі таланттар шуағы» атты жалпы мектептік сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, эстетикалық талғамын қалыптастыру және дарынды балаларды қолдау.
Бағдарламаға 1–11-сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін әртүрлі жанрларда көрсетті: вокал, би, көркем сөз оқу және музыкалық аспаптарда ойнау. Сонымен қатар, оқушылардың күз тақырыбына арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Ең үздік өнер көрсеткендер мен сурет авторлары алғыс хаттармен марапатталып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шара жылы және мерекелік атмосферада өтіп, қатысушылар мен қонақтарға көтеріңкі көңіл күй мен шабыт сыйлады.
В школе имени Касыма Аманжолова в рамках проекта «Шабыт» было проведено общешкольное внеклассное мероприятие «Осенняя россыпь талантов».
Цель мероприятия — создание условий для раскрытия творческого потенциала учащихся, развитие эстетического вкуса и поддержка талантливых детей.
В программе приняли участие ученики 1–11 классов, которые представили свои номера в различных жанрах: вокал, танцы, художественное чтение, игра на музыкальных инструментах. Также была организована выставка рисунков, где учащиеся продемонстрировали свои творческие работы на осеннюю тематику.
Лучшие выступления и рисунки были отмечены благодарственными письмами и аплодисментами зрителей.
Мероприятие прошло в тёплой и праздничной атмосфере, подарив всем участникам и гостям яркие эмоции и вдохновение.
#шабыт





