back-image
"Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
2025 жылғы 18 қазан күні Қасым Аманжолов атындағы мектепте Республика күніне орай мектеп Президентін сайлау өтті.
18-10-2025 09:19
2025 жылғы 18 қазан күні Қасым Аманжолов атындағы мектепте Республика күніне орай мектеп Президентін сайлау өтті.
2025 жылғы 18 қазан күні Қасым Аманжолов атындағы мектепте Республика күніне орай мектеп Президентін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне енгізілгендердің жалпы саны – 392 адам, олардың ішінде 288 оқушы дауыс беруге қатысты, бұл жалпы санының 73,5 % құрайды.
Мектеп Президенті лауазымына 5 кандидат ұсынылды. Әрбір үміткер өздерінің сайлауалды бағдарламаларында мектеп өмірін жақсартуға, оқушылардың белсенділігін арттыруға және өзін-өзі басқару жұмысын дамытуға бағытталған идеяларын ұсынды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша нәтижелер келесідей болды:
Көмек Мадина, 10 «А» сынып – 40,6 %
Курганова Милана, 9 «Б» сынып – 37 %
Джантелова Дильназ, 10 «Б» сынып – 17 %
Васильева Татьяна, 9 «В» сынып – 3,4 %
Батырхан Дильназ, 10 «А» сынып – 1 %
Сайлау қорытындысы бойынша Қасым Аманжолов атындағы мектептің Президенті болып 10 «А» сынып оқушысы Көмек Мадина сайланды.
Сайлау комиссиясы іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және оқушылардың белсенді қатысқанын атап өтті. Жаңадан сайланған Президент барлық оқушыларға сенім білдіргендері үшін алғыс айтып, мектеп өмірін жақсарту жолында аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.
Іс-шара барысында мектептің бұрынғы Президенті Голобокова Татьянаға мектеп өміріне белсенді қатысып, атқарған еңбегі үшін естелік сыйлық табысталды.
18 октября 2025 года в школе имени Касыма Аманжолова прошли выборы Президента школы, приуроченные ко Дню Республики.
Общее количество избирателей, включённых в список, составило 392 человека, из них в голосовании приняли участие 288 человек, что составляет 73,5 % от общего числа избирателей.
На должность Президента школы было выдвинуто 5 кандидатур. Каждый кандидат представил свою предвыборную программу, направленную на развитие школьного самоуправления, повышение ученической активности и улучшение школьной жизни.
По итогам подсчёта голосов результаты распределились следующим образом:
Комек Медина, 10 «А» класс – 40,6 %
Курганова Милана, 9 «Б» класс – 37 %
Джантелова Дильназ, 10 «Б» класс – 17 %
Васильева Татьяна, 9 «В» класс – 3,4 %
Батырхан Дильназ, 10 «А» класс – 1 %
По итогам выборов Президентом школы имени Касыма Аманжолова избрана Комек Медина, ученица 10 «А» класса
#abaibilim
Новости