 
                        
	Мектебімізде 8наурыз халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік құттықтау кеш өтті.
	Әсем ән мен керемет көңіл-күй сыйлаған өнерпаз оқушыларымыз бен ұлағатты ер мұғалімдерімізге алғысымыз шексіз! Кештің сәнін келтіріп, ерекше атмосфера сыйлағандарыңызға рахмет!
	Құрметті қырдың сұлу қыз-келіншектері, аяулы арулары, ардақты аналары! Сіздерді халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
	Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт тілейміз! Көктемдей құлпырып жүре беріңіздер!
 
                         
                        


 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    