29 сәуірде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында кітапханашылар «Қазақстан-достық мекені» атты кітап көрмесін өткізді. Қазақстан халықтарының бірлігі күні – елдегі бейбіт өмір үшін аса қажет достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Көрмеде Қазақстан этностарының достығы мен ынтымақтастығына, Қазақстан халқы Ассамблеясына, мемлекет тарапынан елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрін сақтау және дамыту үшін жағдай жасауға арналған кітаптар қойылған. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған көрме аясындағы викторинаға 5 «б» сыныбы белсенді қатысты.
«Қазақстан-достық мекені» кітап көрмесі