 
                        
	«Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ» КММ-де Шадиев Шарифулла Абдуловичпен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Өткізу мақсаттары: Балалар мен жасөспірімдерде бейбітшілікті, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді, олармен оң қарым-қатынас жасай білуді тәрбиелеу:
	1) кез келген нысанда зорлық-зомбылық пен агрессияға теріс көзқарасты қалыптастыру;
	2) өзіне және адамдарға, олардың мәдениетіне құрмет пен тануды қалыптастыру;
	3) ұлтаралық және дінаралық өзара іс-қимыл жасау қабілетін дамыту;
	4) толерантты қарым-қатынас жасау, қоғам өкілдерімен олардың тиесілілігіне және дүниетанымына қарамастан сындарлы өзара іс-қимыл жасау қабілетін дамыту;
	5) толеранттылық шекарасын анықтау қабілетін қалыптастыру.
 
                         
                        
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                                    